Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте мемлекеттiк кәсiпорындарды бәсекеге қабiлеттi ортаға беру мәселесi қарастырылды.
Бүгінгі таңда облыстың коммуналдық меншiгінде 214 коммерциялық ұйым бар. Олардың 31-і – денсаулық сақтау, 9-ы – спорт, 113-і – бiлiм беру, 32-і – мәдениет, 14-і – ветеринария және 3-уі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына тиесілі. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжановтың мәліметінше, 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес,бәсекелестік ортаға берілетін ұйымдардың тізіміне былтыр облыстан 35 ұйым қосылған.