«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

37-нің ЫЗҒАРЫ МАҒАН ДА ТИДІ

Өткен ғасырдағы қуғын-сүргіннен жапа шеккендердің қатарында менің әке-шешем де бар. Олар сталиндік тоталитарлық режімнің құрбандары ретінде Украинадан Қазақстанға 1938 жылы жер аударылған. Әке-шешем бұрынғы Көкшетау облысындағы Тайынша стансасында тұрды. Мен де 1952 жылы сонда өмірге келдім.

Бұл жылдар “халық жауы” атанып, жазықсыз қуғын-сүргін көрген әке-шешеммен бірге олардың қыздары ретінде менің де тағдырымда ұмытылмас ізін қалдырды.

“Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” Заңға сәйкес мен құрбан болғандар мен осы зұлмат жылдарда саяси репрессиядан зардап шеккендер қатарына жатқызылып, ақталдым.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа қатал тағдырдың жазуымен елін-жерін сүйгендері үшін жау атанып, жазықсыз жазаланғандардың ұрпақтарына мемлекет тарапынан жасап жатқан қолдауы мен көмегі үшін алғысымды жеткізгім келеді.  

Биылғы жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында жапа шеккендердің ұрпағы ретінде маған бірреттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Петропавл қалалық әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру бөлімінің басшыларына да ризашылығым шексіз.

Барлық қазақстандықтарға ашық аспан, бейбіт өмір тілей отырып, “Азапты күндер келмеске кетсін!” – дегім келеді.

Антонина ЯКОВЛЕВА,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp