«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

37 СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

Биылғы жылдың алғашқы күні солтүстікқазақстандықтардың саны 7 тұрғынға көбейген. Олардың бесеуі – ұл, ал екеуі – қыз бала.

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытованың айтуынша, мереке күндері дүниеге 37 нәресте келген. Отбасыларын шаттыққа бөлеген шақалақтардың 22-сі – атұстар болса, 15-і – қыз бала. Аналары мен балалары дін аман.

Ал ескі жылдың соңғы тәулігінде 15 отбасы шілдехана тойын тойлаған. Олардың 4-еуі – ұл, 11-і – қыз.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp