Петропавлдық полицейлер ұрланған 40 велосипедті иелеріне қайтарды. Жалпы жыл басынан бері үй аулалары мен кіреберістерінен велосипед ұрлаудың 53 фактісі тіркелген екен.
Тек өткен бір аптаның өзінде шаһардың әртүрлі шағынаудандарынан ұрланған жеті бірдей велосипед табылды. Ұрлықты кәсіп қылған 37 жасар қала тұрғыны “олжасын” 10 мың теңгеге бағалап, сатып келген. Бірінші полиция бөлімшесінің бастығы Самат Сақатовтың айтуынша, ол ұрлық жасау үшін дүкендердің маңын, үйлер мен аулаларды торуылдаған. Бұл жаман әдеті үшін Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-тармағы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы.