Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық қонысы Новоишим ауылында 400 орындық қазақ мектебінің құрылысы басталды. Білім мекемесі 2016 жылы пайдалануға берілмек.
Екіқабатты ғимарат “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатына салынып жатыр. Ол үшін 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылысшылар биыл оның 400 млн. теңгесін игермек. Білім ордасының жанынан 200 орындық интернат салу да көзделген.
“ҚазАқпарат”.