
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рәсімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосты.
«EGov-ке («Электрондық үкімет» порталы) кіру үшін компьютері жоқ адам-дар бар. Біз Telegram-боттағы жұмыстарды аяқтап және таңертеңнен ба-стап ұялы телефон арқылы да өтініш беруді ұсынамыз. Ол үшін қосымша-ны жүктеп алу қажет, өз деректеріңізді – ТАӘ, ЖСН және банктік шотыңы-здың нөмірін енгізіп, «42 500 теңге төлем» қызметін таңдап, SMS-хабарлама арқылы пароль алып, оны бекіту қажет. Яғни, біз осылайша бәрін жеңілдетеміз», деді кеше Орталық коммуникациялар қызметінде он-лайн брифинг өткізген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Азаматтардан әлеуметтік төлемдер алуға өтініш берген кезде деректерді жауапкершілікпен толтыруды сұраған министр: «Ең бірінші, сізден мәлімет-теріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Бар болғаны үш баған: аты-жөні, ЖСН және карта шоты. Дос, таныс емес, өзіңіздің жеке шотыңызды көрсету керек. Өйткені әлеуметтік төлемді тағайындауда сіздің тегіңіз карточка иесімен салыстырылатын болады», деді.
Telegram-бот арқылы өтініш берудің жолдары мынадай:
1. Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;
2. «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;
3. Өтініш жазу үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсе-теді. Сосын оны жібереді.
4. Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);
5. Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
6. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
7. Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктердегі (ЕДБ) төлем алушының шотына ауда-рылады.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға МӘСҚ-тан айына 42 500 беріледі (ең төменгі жалақы), ол мына санаттағы азамат-тарға тағайындалады:
• орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
• жеке кәсіпкерлер (ЖК);
• жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (ЖП);
• бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (БЖТ);
• нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табыла-тын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша табыс та-батын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін адамдар;
• карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
https://egemen.kz/