Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
“Үкімет отырысында бүгінгі ахуалға қатысты әлеуметтік саладағы әзірленген ұсыныстар шешімін тапты. Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген азаматтардың 3-тоқсанға тағайындауын проактивті түрде яғни, өтінішін өткізбей тағайындау туралы шешім және де бұл жерде халықтың көп сұрап жатқаны екінші тоқсанда 42 500 алған азаматтар үшін бұл табыс ретінде және бірыңғай жиынтық төлем төлегендері табыс ретінде есептелмейді. Бүгінгі таңда 128 мың отбасы осы аталған әлеуметтік көмекті алып жатыр. Екіншісі, мүгедек жандарға қатысты олардың мүгедектік мерзімі осы күндерге келген жағдайда олардың мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға созып тұрамыз. Оған тиісті мемлекеттік жәрдемақысы төленетін болады”, – деді министр.
https://egemen.kz/