«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

42500 ТЕҢГЕ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихаты төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жайына арналды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алмаз Қошманов 42500 теңгені алуға мүмкіндігі бар азаматтар тобына тоқталды. Соңғы өзгерістерге сәйкес, бұл қатарға коммерциялық емес мекемелер мен қоғамдық бірлестік қызметкерлері қосылды. Алайда, олар квазимемлекеттік немесе мемлекеттік ұжым болмауы тиіс. Бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарынан аталған көмекті алу бойынша 7150 өтініш түсіп, соның 3075-і қанағаттандырылды. Алмаз Қошмановтың айтуынша, осыған дейін зейнетақы және сақтандыру қорына төлем жасамаған азаматтар төтенше жағдай жарияланғанға дейінгі 12 айдың біріне бірыңғай жиынтық төлем жасау арқылы 42500 теңгені алуға өтініш білдіре алады.
 Екінші деңгейлі банктердің жұмысы жайлы ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Диас Мэлс баяндады. Қазіргі таңда банктер таңғы 9.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істеуде. Азаматтар банктегі шоты жайлы мәліметтерді үйінен шықпай-ақ SMS-хабарлама немесе мобильді қосымша арқылы ала алады. Ал шоты жоқ адамдар банкке немесе “Қазпошта” акционерлік қоғамының филиалдарына жүгінуі керек. Банктерде кезек күтіп, денсаулығына қауіп тудырмас үшін электронды кезек қызметін пайдалануға болады.
Ал “Қазпошта” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Бекжігіт Бекбердиев бөлімшеге барып, жеке куәлік пен есепшот ашуға өтінішті ұсыну арқылы жеке карта ашу мүмкіндігі бар екенін айтты. Баспасөз мәслихатының барысында спикерлер онлайн режімде түскен сұрақтарға жауап берді.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp