«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

47 ҚАРУ ҚАБЫЛДАНДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз сақталып келген қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу бойынша өткен акцияны қорытындылады.

1 шілдеде басталған акция барысында әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында өтінімдер онлайн режимде қабылданды. Өтініш берушілер тәртіп сақшыларымен қаруды тапсыру сәтінде ғана кездесті. Тәртіп сақшылары барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, мекенжайларға барып, қаруды қабылдап алды және санатын анықтау үшін сараптамаға жіберді.
Акция басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 47 өтініш келіп түсіп, осынша қару тапсырылды. Оның басым бөлігін, яғни 13 қаруды Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімі қабылдаған. Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 12 атыс қаруын қабылдады. Оның 11-і – тегіс ұңғылы, ал біреуі – ойық ұңғылы қару. Қару тапсырғандарға материалдық сыйақы төлеу үшін материалдар облыстық полиция департаментінің қаржымен қамтамасыз ету басқармасына жіберілді.
Ерікті түрде тапсырылған қарудың қылмысқа қатысы болмаса, қаруды заңсыз сақтағаны үшін адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp