Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облысымызда 15 қаңтарда “Мас жүргізуші – қылмыскер” атты шұғылалдын алу шарасы басталғанды. Ол төрт тәулікті қамтып, 18 қаңтарда тамамдалды.
Осы шараның барысында ішкі істер органдарының 450 қызметкері, солардың ішінде жол-патруль полициясының 175 инспекторы облыс жолдарындағы ереженің сақталуын қадағалады. Рейд өткен күндерде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1422 оқиғасы тіркелді.
Бір бөле-жара атап көрсетеріміз, 74 жүргізуші мас күйде ұсталды. Қауіпсіздік белдіктерін тақпағандарға 377 әкімшілік хаттама толтырылды.
Көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлесіп отырған 326 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ал жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 107 оқиғасы тіркелсе, 28 жүргізуші жаяуларға жол бермегені үшін айыпталды.
Бұл ретте жаяулар да “есесін жібермеді”, олар 104 рет ереже бұзды.
2014 жылы 2760 жүргізуші мас күйде инспекторлардың қолына түсті. Солардың кесірінен 26 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 адам қаза тапты, 42 азамат түрлі дәрежеде жараланды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.