«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

87 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

       

Сәуірдің 11-інен 12-сіне қараған түні Петропавл қаласындағы Ніл Болатбаев көшесіндегі 32-ші үйде өрт шықты. Тоғызыншы қабаттағы пәтерлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабар 101 пультіне түнгі екі шамасында келіп түсті.

Оқиға орнына 24 өртсөндіруші, 6 медицина қызметкері мен полицейлер, 6 арнайы техника мен екі «Жедел жәрдем» көлігі дереу келіп жетті. Тұрғындар оларға от шарпыған пәтерде иелері бар екенін хабарлады. Абырой болғанда, 1960 жылы туған үй иесі мен оның 60 жастағы зайыбын құтқарудың сәті түсті. Оларға алғашқы медициналық көмек көсретілген соң, ауыр халдегі ер адам 3-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. 

 Құтқарушылардың күші өртті ауыздықтауға, сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялауға жұмсалды. Оқиға орнынан 87 адам далаға шығарылды, оның 24-і – бала. Тілсіз жау түнгі 02.19 сағатта толық сөндірілді. Өртсөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында көршілес пәтерлерге зақым келген жоқ. Алайда өрт шыққан пәтердің жиһазы мен дүние-мүлкі, иелерінің киім-кешегі жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданудағы абайсыздық себеп болған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp