Петропавлда он жыл отасқан әйелін қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Жұрттың жағасын ұстатқан қылмыскер енді 9 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді.
Өткен жылдың шілде айында Пески ауылының маңындағы Есіл өзенінен балықшылар жас әйелдің денесін тапқан болатын. Мамыр айының соңында оның жоғалу фактісі бойынша іс қозғалып, мәйіт табылған соң, әйелді өлтірді деген күдікпен Пески ауылының 28 жастағы тұрғыны ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ол 26 мамырға қараған түні болған жанжал кезінде бұрынғы әйелін ұрып өлтіргендігін, кейін оның мәйітін Есіл өзеніне тастағанын мойындады.