Ресейдің Петрозаводск қаласында бір уақытта қысқы суда жүзуден әлем кубогының бесінші кезеңі, Ресейдің ашық біріншілігі және Карелияның бірінші чемпионаты өткен болатын. Сайысқа әлемнің 13 елінен 12-90 жас аралығындағы жүзден астам спортшы қатысты.
Жарыстағы жасы үлкені 93 жастағы Анна Семенова болды. Ол 25 метр қашықтықты бағындырды. Анна Николаевна – “Виктория” қысқы суда жүзу клубының өкілі. Сондай-ақ, ол – спорттың бұл түрінен әлем біріншіліктерінің күміс және қола жүлдегері.
Үміткерлер 25-200 метр қашықтыққа баттерфляй, еркін, брасс және кроль әдісімен сайысты.