«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСТІ ӨЗАРА БӨЛІСТІ

Өткен аптада велоспорттан өңірімізде ұйымдастырылған дәстүрлі республикалық жарыс спорт шебері, жерлесіміз

Алексей Мартыновичті еске түсіруге арналып, онда 13-14 жастағы жасөспірімдер шеберлік пен күш-қуат салыстырды.

Бұл жас велошабандоздар Петропавл, Сарань (Қарағанды облысы), Павлодар және Қостанай қалаларының намысын қорғады.

Көпкүндіктің бағдарламасына 10 шақырымдағы жеке, үш топтық (38, 40 , 51 шақырым) және командалық жарыс (20 шақырым) енгізілді.

Барлық қашықтықтарда біздің қаламыздағы Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің екі оқушысы Сергей Мальцев пен Никита Кабачек өзге қарсыластарына дес бермеді. Үшінші жүлденің бірі тағы бір жерлесіміз Асан Серіковке бұйырды.

Командалық жарыста біздің жасөспірімдер павлодарлықтарды артта қалдырды.

Барлық қашықтықтардың қорытындысында жоғарыда аталған жерлестеріміз жеңіс тұғырын өзгелерге бұйыртпады.

 Венера АПОЛЛОНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp