«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

Облыстық кәсіпкерлер палатасы сіздерді, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтайды.

Агроөнеркәсіп кешені – өмірлік маңызы бар өнім өндірілетін және орасан зор экономикалық әлеует шоғырланған өңір экономикасының өте маңызды құрамдас бөлігі.

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында 146 мыңнан астам адам немесе жұмыспен қамтылған тұрғындардың 44 пайызы айналысады, сол сияқты, республика ауыл шаруашылығы өнімінің 11 пайызы өндіріледі. Облыстың жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі 24 пайызды құрайды, бұл экономиканың өзге салаларының көрсеткішінен айтарлықтай жоғары.

Құрметті аграршылар, азық-түлік қауіпсіздігі мен бүкіл қазақстандықтардың амандық-саулығы сіздердің еңбектеріңізге байланысты.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қиын да болса, өте қажетті еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Облыстық кәсіпкерлер палатасы сіздерге және сіздердің жақын туысқандарыңызға денсаулық, зор табыс, амандық-саулық және жарқын істеріңізге жеміс тілейді!

Солтүстік Қазақстан облысының

кәсіпкерлер палатасының дирекциясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp