«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ БАҒДАР

Өзге отандастарым сияқты, мен де Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын зор ықыласпен қабыл алдым.

Жолдауды оқи отырып, ол кісінің көрегендігіне, өмірлік тәжірибесінің молдығына және жасампаздығына қайран қаламын. “Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады”, – деді.

Тарихқа үңілетін болсақ, Елбасының алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазан айында жарияланып, ол Жолдау “Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы” деген тақырыпты қамтыған болатын. Президенттің жұртшылыққа кеңінен танымал бағдарламасы – “Қазақстан – 2030” Жолдауы 1997 жылдың қазан айының 10-ы күні жарияланған болатын.

Мемлекет басшысының одан кейінгі жылдардағы Жолдауларында “Қазақстан – 2030” Стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыт ретінде қарастырылып, оны жүзеге асырудың түрлі қағидаларына назар аударылып, еліміздің жүріп өткен жолдарына терең талдау жасалды. Кемел болашаққа бастар стратегиялық міндеттер қойылған болатын. Одан кейінгі “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты”, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр” Жолдаулары еліміздің өркендеп өсуін, дамыған 50 елдің қатарында болуды міндеттеді.

Биылғы Жолдауында Елбасы әлемге жайылған дағдарыстан өтуде алдымызда тұрған сын-қатерлерді еңсерудің жолдарын көрсетіп берді. “Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз. Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз”, – дей келе Мемлекет басшысы жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын нұрлы жолға айналдырғанымызға тоқталды.

Расында да, бүгінге дейін Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – қазақстандықтардың бірлігі, этносаралық келісімі. Елімізде ешбір ұлттың тілі, ділі және діні кемітілмейтіні баршамызға аян. Әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру арқылы еліміздегі тұрақтылық жылдан-жылға нығайып, өркендеп, өсіп келеді.

Бақыт НУРКИН,

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp