«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Біздің міндет – халыққа қызмет!” атты жастар форумы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының жетекшілері және “Жас Отан” жастар қанаты, сондай-ақ, бірқатар жастар ұйымдарының белсенділері қатысқан жиынның негізгі мақсаты – жиналғандардың, әсіресе, жас өрендердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәрбие қалыптастырып, оларды қоғам дертімен күресуге шақыру.

Шара барысында сөз алған Анархан Дүйсенова қоғамның дертіне қарсы жүргізілген шараларға, әсіресе, республика көлемінде атқарылған “нөлдік төзімділік” қағидасының маңыздылығына тоқталды. Облыстық соттың судьясы Александр Пиковский Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында айтылған жемқорлық мәселелеріне, оның шешілу түйіндеріне назар аударды. Жаһанды жайлаған дертпен құқық қорғау органдары және мемлекеттік мекемелердің мамандары ғана күрессе, жеңе алмайтындарын, оған қарсы әрекет ету еліміздің, өңіріміздің әрбір азаматының міндеті екендігін баса айтты. Республикалық “Жас Отан” жастар қанатының мүшесі Екатерина Старостина “Жастар – Отанға!” мемлекеттік бағдарламасы аясында өңір жастарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениеттерінің артуына әсер еткен іс-шараларды тілге тиек етті.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

  “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp