«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘЛІК ЕСІМІ – ДОСТАРЫНЫҢ ЕСІНДЕ

Топырақтан тысқары болса, биыл алпыс жасқа толатын жаны жайсаң азамат, есімі республикамызға танымал спортшы, грек-рим күресінің белгілі балуаны Мәлік Мүрсәлімовті онымен қатар үзеңгі қағыстырып келген дос-жарандары, ауылдастары ұмытпайды.

Мамлют ауданының Бостандық ауылында 1954 жылы дүниеге келген дарынды бала есейе келе облыстың үздік балуандарының қатарына қосылды. Ол талай белдесулерде облыс намысын лайықты қорғады, Қазақстанның құрамасына да мүшелікке алынып, еліміздің атынан сайыстарға түсті. Кейін білікті бапкер болып, “Спартак” ерікті спорт қоғамында жас балуандарды баулыды.

Өмірден тым ерте озған оны достары, облысымыздың спортшылары, әсіресе, балуандар үнемі еске алып, қалааралық белдесулерді ұйымдастырып келеді.

Биыл Мәлік Мүрсәлімовті еске алуға арналған жарыс тоғызыншы мәрте өткізілмек. Бұл белдесулер 16-17 желтоқсан күндері спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында жас балуандарды тоғыстырады.

Осы жарысты тамашалауға ниет білдірген күрес жанкүйерлері Петропавлдың Ярослав Гашек көшесі, 4 мекенжайында орналасқан мектеп-интернаттың спорт залына келе алады.

 Ұйымдастыру комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp