«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫНЫҢ ӨМІРІН ӨРНЕКТЕГЕН ШЫҒАРМА

Қызылжарлықтар “Қазақстан” кинотеатрында облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге “Тығырықтан жол тапқан” кинофильмін тамашалады.

Шара барысында сөз алған өңір басшысы Ерік Хамзаұлы Елбасының өмір жолынан сыр шертетін туындының орасан зор маңызы туралы айтты.

Содан кейін киноэпопеяның көрсетіліміне арнайы келген фильмнің қоюшы-режиссері Рүстем Әбдірашев, композиторы Жарасқан Әбілхайыр және фильмде Елбасының анасы – Әлжанның рөлін сомдаған актриса Алмагүл Әлішева фильм туралы ойларымен бөлісті.

“Елбасы жолы” киноэпопеясының жалғасы болып табылатын жаңа картина Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі маңызды кезеңді – 1970 жылдардағы еңбек жолы, Қазақстан металлургиясының жағдайын көтеруге ұмтылып, саясатқа ендi ғана қадам басқан сәттерін қамтиды. Бұл жолы да Елбасының бейнесiн Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов сомдады.

Аталмыш туындыны көруге келген халықтың қарасы көп. Осындай өнегелі өмір жолын толғаған толымды туындыны тамашалаған көрермендермен ой бөлісіп, пікірлерін білген едік.

Ерлік Мұхамеджанов, қала тұрғыны:

– Кино көңілімізден шықты, міндетті түрде жалғасын түсіру керек деп ойлаймын. “Елбасы жолы” киноэпопеясының бұған дейін 3 бөлімі жарық көрген болатын. Әрқайсысы Елбасы өмірінің әр кезеңін қамтиды. Ал бүгінгі серияда ел басқарар азаматтың бойындағы туабіткен қайсарлығы мен өжеттігі көпшілікті тәнті етті.

Азат Жолаушин, студент:

– Ата-анаға деген, туған жерге деген махаббатты асқан шеберлікпен көрсете білген фильмнен ерекше әсер алдым. Өз басым ел жастары үшін тәрбиелік мәні зор туындының жалғасын тағатсыздана күтетін боламын.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp