«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДЫ

Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған басты міндет еліміздің дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі құжаттың бірі ретінде “Нұр Отан” партиясының “Қазақстан – 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары” сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру болып табылады. “Нұр Отан” партиясының сайлауалды тұғырнамасы 2011 жылғы сайлау қарсаңында нақты да айқын баяндалғанды. Партияның тұғырнамада баяндалған барлық жоспарлары, көрсеткіштері орындалу үстінде және басты басымдық болып қалып отыр. Облысымызда тұғырнаманы жүзеге асыру шеңберінде көптеген салаларда – білім беруде, денсаулық сақтауда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруда белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Партия, оның көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға қойған тапсырмалар бізді облыстық партия ұйымының іс-қимылының барлық бағыттарында жоғары тиімділікпен жұмыс атқаруға міндеттейді.

Үстіміздегі жылдың 15 қазаны-15 қарашасы аралығында облыстың 172 бастауыш партия ұйымының барлығында есеп беру-сайлау жиналыстары және партияның аумақтық филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары болып өтті.

Партия филиалының сайланбалы органдарының – бюросы мен саяси кеңестерінің сапалық құрамдары орталық аппараттың ұсыныстарына сәйкес қайта қарастырылды, мемлекеттік қызметшілердің саны айтарлықтай азайды. Бюро мен саяси кеңестің құрамдары қоғамдық пікір көшбасшыларымен, партияның беделді мүшелерімен айтарлықтай нығайтылды.

2014 жылғы 1 қарашаға өңірлік филиалда 39152 мүше болды. Олардың 26368-і (67,3 пайызы) – әйелдер. Жыл ішінде партияға 781 адам қабылданса, 4102 адам шығып кетті. 873 адам партия жарғысын бұзғаны, жарна төлемегені үшін қатарымыздан шығарылды, 12 адам қылмыстық әрекеттері үшін мүшеліктен аластатылды.

Мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласының қызметкерлері – 16165 (41,2 пайыз) адам облыстық филиал мүшелерінің негізін құрайды. Ал кәсіпкерлік өкілдері мен фермерлер тиісінше 604 (1,5 пайыз) және 1143 (2,9 пайыз) адам мүше болып табылады.

25 қарашада болып өткен есеп беру-сайлау конференциясында “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов партия қатарының сапалы нығайтылуына өзінің назарын аударып, оның барлық аумақтық филиалдарының жетекшілеріне аталған бағыттағы жұмысты жандандыруды, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерімен жұмысқа айрықша көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінгі таңда біз осы бағытта белсенді жұмыс атқарудамыз.

Партия көшбасшысы атап көрсеткеніндей, азаматтардың сенімі, әлеуметтік мәселелердің шешілуі, жұртшылықпен ұдайы байланыс жетекші партия ретінде “Нұр Отан” үшін ең маңыздысы болып табылады. Партия филиалдарының қоғамдық қабылдаулары – тұрғындармен жұмыстың ықпалды түрі. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларға 2850 өтініш түсті. “Жол үстіндегі қабылдау”, “Заңгер кеңес береді”, “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы акцияларының аясындағы шараларға 2895 адам қатысты, соның ішінде 392 адам жеке қабылдауда болды.

Өңірімізде тұрғын үй-коммуналдық саласы, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеуді қайта қарау, жұмысқа орналасу мәселелері барынша өзекті болып қалуда. Бүгінгі таңда мәселелердің 70 пайыздан астамы оң шешімін тапты. Азаматтардың барлық өтініштері партияның бақылауында.

Облысымызда “Электронды партия” компоненттері енгізілген. Электронды қоғамдық қабылдау ойдағыдай жұмыс істеп, онда әрбір адам партияның қоғамдық қабылдауына өзінің өтінішін немесе арыз-шағымын бере алады және бұлар міндетті түрде қаралады. Жұмыстың ықпалдылығын арттыру үшін 16 қоғамдық қабылдауда бейнекамералар қойылған.

Партияның сайлауалды тұғырнамасы Президенттің “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауымен тығыз байланысты. Елбасы халыққа биылғы Жолдауында еліміздің таяу болашақтағы дамуының басым бағыттарын айқын нұсқап берді. Басты мақсат – әр азаматтың әл-ауқатын арттыру. Бұл туралы “Нұр Отан” партиясы өзінің Саяси доктринасында мәлімдеді. Мемлекет басшысы аталған Жолдауында жемқорлықтың жолын кесуге айрықша назар аударды.

Партияның саяси кеңесінің 11 қарашада болып өткен кеңейтілген отырысында “Нұр Отанның” 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимылының бағдарламасы қабылданды.

Жаңа бағдарламада қоғамда жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсылық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ, түрлі мақсаткерлік топтармен, азаматтармен, бизнес-қауымдастықпен ынтымақтастыққа айрықша назар аударылған. Өйткені, тең және жауапты әріптестер ретінде мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің қарым-қатынастарының жаңа сипатын қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр.

Бағдарламаны нақты жүзеге асырудың тетігі ретінде әрбір бесжылдыққа “Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жол картасы” және жыл сайынғы шаралар жоспары жасалады.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде партияның облыстық және аумақтық филиалдарының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестер 47 жиын өткізді. Бұларда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық қоғам институттарымен бірлескен жұмысты нығайту, Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету және кәсіпкерлерге әміршілдік жасауды азайту жөніндегі тапсырмаларын орындау, облыстық құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының 2013 жылдың және 2014 жылдың алғашқы жартысының қорытындылары бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимылы қаралды.

Партияның облыстық және аумақтық филиалдарының партиялық бақылау комиссиясы 45 жиын өткізді. Бұл отырыстарда партия қатарын және ішкі партиялық тәртіпті нығайту, “Нұр Отанның” сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша партияның депутаттық фракциясының жұмысы, “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың барысы, азаматтардың өтініштерін қарауда заңдылықтардың сақталуы туралы мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Аудандардың және Петропавл қалалық филиалдарының партиялық бақылау комиссияларының ұсынысымен жемқорлық заң бұзушылығы үшін партияның 12 мүшесі қатардан шығарылды, 26 адамға партиялық жаза қолданылды.

Қоғамдық кеңестер және партиялық бақылау комиссиялары прокуратура органдарымен, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тығыз байланыс орната отырып жұмыс істейді. Партия тарапынан қоғамдық мониторингті жүзеге асыру бойынша 27 рейд өткізілді.

Бүгіндері біз мүмкіндіктері шектеулі адамдармен, жастармен, жетімдермен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, зейнеткерлермен белсенді жұмыс істейміз. Осы ретте мүмкіндіктері шектеулі адамдарға және қарттарға қолдау көрсетуге арналған екі жобаға баса назар аударғым келеді. “Кедергісіз келешек” жобасының аясында 607 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 436 адам тұрақты жұмыс тапты. Бос жұмыс орындарының 29 жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Партия Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және зейнеткерлерді естен шығармайды. Атап айтқанда, “Ардагерлерді ардақтайық” жобасының аясында 311 соғыс ардагерінің жағдайы қадағаланып, олардың әр-қайсысына арнап жеке әлеуметтік карта жасалған. Бәріне “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері есебінен еріктілер бекітілген. Олар ардагерлерге ұдайы барып, қолдарынан келгенінше көмек жасайды.

Айта берсе, мұндай жобалар баршылық. Соның ішінде “Мықты бизнес – қуатты мемлекет” жобасы бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасының және “Даму” қорының өкілдерінің қатысумен кәсіпкерлікті дамытуға арналған түсінік жұмыстары жүргізіледі. Осылайша кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алғандарға арналған 21 оқу семинары, 400 адам қатыстырылған “Өз бизнесіңді баста” республикалық акциясы өткізілді.

“Мен – чемпион!” атты ойындар “Ұлт денсаулығы” жобасы бойынша жүзеге асырылып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Таяуда партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов азаматтарды қабылдау кезінде аталған жобаны муниципалдық телеарна арқылы жүргізуді құптады.

Бүгіндері Елбасы өзінің Жолдауында ұсынып отырған бағыттарын жүзеге асыруға партияның барлық ұйымдастыру, кадрлық жеке зияткерлік мүмкіншіліктері бар. Біз бұларды партияның алдында тұрған бағдарламаларын, соның ішінде сайлауалды тұғырнамасын, “Қазақстан – 2050” Стратегиясын, “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жаңа Экономикалық Саясатын ойдағыдай жүзеге асыруда тиімді пайдалануға тиіспіз.

Жылдың басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні келіп жетті. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен бері экономикада, инфрақұрылымды дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Осы орайда Елбасымыз “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында айқындап берген Жаңа Экономикалық Саясат алға қарыштап басуымызға қуатты серпін береді.

Артур МОЛДАҒҰЛОВ,

“Нұр Отан” партиясы облыстық

филиалы төрағасының бірінші

 орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp