«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚСАҚАЛ АҚОРДАҒА ХАТ ЖАЗҒАН-ДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны Байқуаныш Сәрсембин Елбасына хат жолдапты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған хатында жерлесіміз: “Жасым тоқсаннан асып, Жамбылдың жасына жақындап қалдым. Өткен ғасырда халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалардың бәріне куә болдым. Ашаршылық пен репрессия, алапат соғыс, тың игеру, жылымық заман, қайта құру және азаттықтың алғашқы таңдары – бәрі менің көз алдымда өтті.

Қазақ бірде құлдырап, бірде өрлеп, түрлі замандарды бастан кешті. Бірақ дәл қазіргідей Алтын Ғасыр халқымыздың басында ешқашан болған емес. Елінің шекарасын бекітіп, барлық елдермен достық қатынас орнатып, барша адамзатқа билік айтқан қазақ баласы ешқашан болмаған”, – деп Елбасының әлі де елімізді биіктерге бастай беретініне сенім білдірген. Елбасы өзінің Үндеуінде Байқуаныш ақсақалдың хатынан үзінді келтіріп, оған алғыс айтты.

– Қазір әлемде экономикалық дағдарыс белең алғанына қарамастан Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз қиындықтарды жеңіп келеді. Дер кезінде қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламалар республикамыздың алға басуына жол ашуда, – дейді Байқуаныш ата.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: Байқуаныш ақсақал қызы Айгүлмен.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp