«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТА ЗАҢҒА АРНАЛДЫ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Ата Заңның 20 жылдығына орай “Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазіргі заманғы құқықтық феномен” деген тақырыпта конференция өтті. Шараға еліміздің Астана, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Шымкент қалалары және Ресейдің Қорған, Омбы облыстары жоғары оқу орындарының оқытушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференция жұмысын М. Қозыбаев атындағы университеттің ректоры Оңдасын Әшімов жүргізді. Алғашқы кезеңде меймандар түрлі мамандықта білім алып жүрген өңір студенттерінің ғылыми жобаларын, жеткен жетістіктерін байқап көрді. Олардың талпыныстарына оң баға берген облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов:  

– Кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлттық құндылығын айқындайтын басты құжат – Ата Заң. Ол жиырма жыл бойы уақыт сынынан өтіп, өзінің өміршеңдігін, орнықтылығын дәлелдеді. Оны берік ұстану, бұлжытпай орындау – елін, жерін сүйетін, Отанын қастерлейтін әр азаматтың міндеті. Конституцияны жетік білген адам ешқандай қылмысқа, құқық бұзушылыққа бармайды, – деді.

Жастар саясаты департаменті басшысының орынбасары Еркін Үйсімбаев алдағы уақытта мұндай шараларды дәстүрге айналдыру көзделіп отырғанын айтты.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp