«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫ – СОҢҒЫ ОРЫНДА

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жүргізген сараптаманың қорытындысына сәйкес Петропавл қалалық балалар емханасы ел бойынша ең төменгі орында қалып қойды.

Аталмыш рейтингте емдеу мекемесі жұмысының негізгі көрсеткішінен басқа, орналасқан ғимаратының жарамдылығына, науқастарды қабылдайтын кабинеттердің ыңғайлылығына да көңіл бөлінді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рашида Иванованың айтуынша, емдеу мекемесінің рейтингте артта қалуы тек емдеу жұмыстарына байланысты емес. Рейтингте жоғары балға ие болу үшін емхананың аккредиттеу мерзімі 4 жыл болуы тиіс екен. Ал қалалық балалар емханасы 2 жылға ғана аккредиттелген. Соның салдарынан аталмыш емхананың көрсеткіші жарты пайызға қысқарған көрінеді.  

Қалай дегенмен, емдеу мекемесінің көш соңында қалуы тегін емес. Бұлай болатын жөні де бар сияқты. Облыс орталығындағы балаларға арналған жалғыз емдеу мекемесінің бұрынғы бас дәрігері қолданыстағы заңнаманы бұрмалауға жол бергені анықталып, ісі облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында қаралған болатын. Жақындарын жарылқаймын деп заңға қайшы келетін әрекетке барған бас дәрігердің өз міндетіне жүрдім-бардым қарағаны бұл жайға да салқынын тигізген сияқты.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp