«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

Кеше Петропавл қалалық Мәдениет үйінде “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы өтті. Онда “Нұр Отан” партиясының кезекті XVI съезіне делегаттар сайлау, партия Төрағасы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы мәселелер күн тәртібіне шығарылды.

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов 11 наурызда Астана қаласында өткелі отырған кезекті съезге Солтүстік Қазақстан облысының партия ұйымдарының атынан баратын делегаттар тізімімен таныстырды. Жиналғандар съезге баратын 77 делегатты бірауыздан сайлады.

Екінші мәселе бойынша сөз алған “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко Елбасының сындарлы саясатының арқасында елімізде толағай табыстарға қол жеткізілгенін айтып, жаһандық дағдарыс жағдайына қарамастан, мемлекетіміз алдағы уақытта да қарыштап дами беретініне сенімін білдірді.

Конференция барысында сөз алған делегаттар экономикалық және саяси тұрғыда еңсесін тіктеп, әлемдік қауымдастықта зор беделге ие болған еліміздің ертеңі үшін Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттікке кандидат ретінде ұсынуды бірауыздан қолдайтындарын айтты.

Жиынды қорытындылаған “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ерік Сұлтанов Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы ел жұртшылығының тарапынан қолдау тауып отырғанын, партия Төрағасының тапсырмаларын орындау жолында жұмыла жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp