«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығы ашылды. Мұндай орталықтар республикамыздың барлық аймақтарында құрылуда.

Достық үйінде орналасқан орталық жетекшісі Валерий Евдокименконың сөзіне сүйенер болсақ, республикада 239 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Біздің облысқа ЕҚЫҰ-дан Сербия азаматы Милош Стоядинович пен Австриядан Кирстен Саксингер келген. Сонымен қатар, өңірімізге қысқа мерзімге Ресейдің Омбы, Түмен және Қорған облыстарынан байқаушылар келеді деп күтілуде. Орталық өз жұмысын үстіміздегі жылдың 31 наурызында бастады. Жоспарға сай жүргізілетін шаралар 1 мамырда аяқталады. Бүгінгі таңда төрт ерікті адам қызмет ететін орталықта арнайы безендірілген стендтер мен карталар орналастырылған. Сонымен қатар, байқаушыларды облысымыздың тыныс-тіршілігімен таныстыруға қажетті ақпараттың барлығы қойылған.  

Бүгінде өз жұмысын бастап кеткен орталық жетекшісінің айтуынша, олар байқаушылар жұмысын ұйымдастыруға барынша көмектесіп, сайлаушылармен, БАҚ, қоғамдық-саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізуге толық дайындықпен кіріскен.

Мұндай шараның барлығы сайлаудың ашық және әділ өтуі үшін жасалуда.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp