Ел деп соққан кеудедегі жүрегі,
Нар қазақтың намысындай гүл өңі.
Жау қолынан жараланып жатса да,
Жерін жатқа бермес қыздың бірі еді.
Ол Әлия – қайсар қызы қазақтың,
Көкірегіне жиған шер мен азап, мұң.
Сенің өршіл рухыңның күшімен,
Тәуелсізбін! Егеменмін! Азатпын!
Дұшпаныңды аямадың, басқа ұрдың,
Жанарларын суалмайтын жас қылдың.
Мергендігің ажалына себеп боп,
Қой терісін жамылған сан қасқырдың.
О, Әлия, батыр қызы халқымның,
Жердің жүзін шарлап аты даңқыңның.
Бір қыз едім қанаттанған рухыңмен,
Жырым саған жетсе екен деп шарқ ұрдым.
Әйгерім БАЯН,
М. Жұмабаев атындағы мектеп лицейінің 9-сынып оқушысы.
Петропавл қаласы.