«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРҚЫН ЖОЛ

Мен Петропавлдағы “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ның стандарттау бойынша инженерімін. Екі жыл бойы өнімдерді сертификаттаумен айналысып келемін. Қарапайым еңбек адамы бола тұра, өз жұмысымда нәтижелі жетістіктерге қол жеткізіп жүргенімнің жемісі болар, үстіміздегі жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне қатыстым. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бес институттық реформа ұсынды. “Мен ел алдындағы тұрған бес ауқымды ішкі міндеттерді көріп тұрмын”, – деп сөзін бастаған Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш реформалардың жіті орындалуына еліміздің әрбір азаматының белсенді қатысуын міндеттеді. Жаһандық сын-қатерлерге, әлемде орын алып отырған саяси дауылдарға қарамастан, еліміздің алған бетінен қайтпай, қарыштап өркендеуін, дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын жүйелі іске асыратынымызды айтты.

Елбасының ұсынған бес халықтық реформасының өзектілігі олардың түрлі саланы назардан тыс қалдырмай, қамтуында. Әлемде болып жатқан оқиғаларға қарамай, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанның баянды болашағына жарқын жол салған реформаларды орындау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Біз өзіміздің біліміміз бен тәжірибелерімізді Елбасымыздың “Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 қадамы” атты Ұлт бағдарламасының орындалуына жұмсауымыз қажет.

Марат АХМЕТОВ,

 Петропавл ауыр машина жасау зауытының инженері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp