Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында еліміз бойынша басталған травматикалық қаруларды өз еркімен тапсыру акциясы облысымызда да жалғасуда.
Мамыр айының ортасына дейін жергілікті ішкі істер органдары облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының есебінде тұрған қарудың 64 пайызын сатып алды. Аталмыш басқарманың қаруды лицензиялау және айналымын бақылау бөлімінің бастығы Еркін Хамзиннің айтуынша, 764 бірлік қарудың 488-і тапсырылған. Оның 219-ы – травматикалық, 269-ы – жарақаттайтын оқ салынатын газды қару. Аумақтық комиссиялар 20 миллион 650 мың теңгеден астам сыйақы төлеу үшін 436 шешім шығарған. Облыстық ІІД-нің қаржылық қамтамасыз ету басқармасы қару тапсырғандарға 15 миллион 400 мың теңге қаржы аударды. 418 бірлік қару уақытша сақтауға қоймаларға тапсырылды.
“Травматикалық қаруды өз еркімен тапсыру акциясы жыл аяғына дейін жалғасады. Қару тапсырғысы келетіндер кез келген ішкі істер органдарына баруына, не болмаса полиция қызметкерінен консультация алуларына болады. Қару мен оның құжаттары тәулік бойы қабылданады. Түнгі уақытта қаруды бөлімдердің жедел кезекшілері қабылдай алады. Қаруды тапсыру жөніндегі өтініш пен оның техникалық жағдайын арнайы комиссия қарайтын болады”, – дейді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Едіресов.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға испекторы.