“Петропавл жылу желілері” ЖШС-інде кезекті 2014-2015 жылғы жылыту маусымы аяқталды. Компания мамандары жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның үстіміздегі жылы мәреге жақсы көрсеткіштермен жетіп отырғандығын айтуда.
2014-2015 жылғы жылыту маусымында кәсіпорынға тұтынушылардан бар болғаны 5 негізделген арыз келіп түсті, сөйтіп өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда арыздар саны – 2,5 есе, қала желілеріндегі технологиялық бұзылулар саны 40%-ға азайды.
“Петропавл жылу желілері” ЖШС мұндай жоғары көрсеткіштерге, бірінші кезекте, жылыту маусымына кең ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізудің арқасында қол жеткізді. Мысалы, 2014 жылы кәсіпорын жөндеу науқанына 420 млн. теңгедей қаражат бөлді. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 14,429 шақырымның жылу желілері және басқа жабдықтар ауыстырылды. Сол сияқты, Петропавл қаласының жылу жүйесін дамытуға “Петропавл жылу желілері” ЖШС кешенін техникалық қайта жаңғырту және қайта құру, дамыту” бағдарламасы аясында 195 млн. теңге, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Таза технологиялар қорының (ТТҚ) қарыз қаражаты есебінен 543 млн. теңге бағытталды.
– Петропавл қаласының жылу желілері кәсіпорны қысқы маусымда тұтынушылар жылуға байланысты мәселелерді бастан кешпес үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. 2014 жылы соңғы үш жылда алғаш рет кәсіпорын күшімен жылу құбырларының беріктігіне және тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізді. Ол жылу желілерінің қалыптасқан жағдайына нақты баға берді және жылу маусымы кезінде технологиялық бұзылулардың алдын алуға мүмкіндік жасады. Бұл әдіс өзін ақтады, – дейді “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің бас инженері Александр Захарьян.
Серіктестік биыл №1 жылу торабын салу бойынша ауқымды жұмысты жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыруға “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында ТКШ-ны жаңғырту жүйесі бойынша 800 млн. теңгеден астам қаражат бағытталады. Сөйтіп кәсіпорын 2015 жылы Петропавл қаласының жылу желілерін жаңғыртуға және қайта құруға 1,6 млрд. теңгедей қаражат жұмсауды жоспарлауда. Кәсіпорын жылу желілерінің құрал-жабдықтарын жаңғыртуға 273,946 млн. теңге, ЕҚДБ қарызы аясында 210,5 млн. теңге, 12,6 шақырым жылу құбырын күрделі жөндеуге 343,2 млн. теңге бағыттайды.
– Компанияға қарасты жылу желілері жабдықтарының тозуы бұрынғысынша қомақты, нақтырақ айтқанда, 72,86%-ды құрайды. Бүгінгі күні 2020 жылға дейінгі стратегиялық инвестициялық бағдарлама әзірленген. Ол 2017 жылдың соңына дейін нормадан жоғары шығындарды толығымен жоюды, ал 2020 жылы жылу қуатының нормативтік шығындар деңгейін 18%-ға дейін азайтуды қарастырады. Жалпылай алғанда, 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарлама аясында жылумен жабдықтау желілерін қайта құруға 17 млрд. теңгедей қаражат бөлу көзделген. Бұл қаражатқа алдын ала оралған құбырларды пайдалану арқылы 40 шақырымға дейін жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда, – дейді “СевКазЭнерго” АҚ-ның бас директоры Леонид Ларичев.
Игорь ТАТАРЧЕНКО,
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің маманы.