«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РУХАНИ ҚАЗЫНА ҚАЙНАРЫ

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғаларымен мақтанады. Өзінің ұлттық мәдениеті арқылы ғана өзгеге танылады”, – деді. Қоғамдағы маңызды саланы нығайтуда еңбектеріңіз аса зор. Біз тарихы мен мәдениеті бай өңірде тұрып, еңбектеніп келеміз. Қазақстанның талай маңдайалды музыканттары, ақын-жазушылары мен мәдениет қайраткерлері біздің жерімізден қанат қақты. Облысымыздың мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық әлеуеті зор. Сіздердің әрбіреулеріңіз мамандықтарыңызға қарамастан, халқымыздың рухани байлығын сақтаушы әрі жалғастырушысыздар. Жылдар бойғы еңбектеріңіз бен білімдеріңіздің арқасында ұрпақ жалғастығы ғасырдан-ғасырға ұласуда, – деді облыс әкімі.

“Өнер – ұлттың жаны” дейді халық даналығы. Бұл саланы таңдаған өнер иелері елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш сыйлайтыны анық. Ауыл кітапханашысы, Мәдениет үйінің әдіскері, театрдың актрисасы, мұражай мен мұрағаттың қызметкері – барлығы маңызды саланың өкілдері. Кәсіби мерекеге орай олардың бірқатары ұзақ жылғы шығармашылық еңбегімен облыстың мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен және “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.  

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Сапанов – төсбелгі иегерлерінің бірі. Ол төл өнеріміздің өсіп-өркендеуіне барша күш-жігерімізді жұмсағанда ғана дүниежүзілік өнер қазынасына өз үлесімізді қоса аламыз деп санайды.

Өнер иелеріне арнап әріптестері ән-күйден шашу шашты.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp