«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҢ ӨНЕРКӘСІП ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысының қазақстандық мазмұнды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында үстіміздегі жылғы 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы “Қазақмыс холдингі” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огаймен кездесті. Аталмыш шараға облыстың, “Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ-ның, “ПАМЖЗ”, “Казнефтегазмаш” АҚ-лары, “Нукер”, “Петропавл құбыр зауыты”, “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен имараттар зауыты”, “Трибо”, “Жанна Есіл Феникс” ЖШС-лері сияқты өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында облыстың өнеркәсіп әлеуеті таныстырылып, “Қазақмыс холдингі” компаниясы мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар жергілікті мазмұнды дамытуға арналған ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екендіктерін мәлімдеді. “Қазақмыс холдингі” компаниясының мұқтаждығы үшін Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының өнімдерін сатып алу мәселесін қысқа мерзім ішінде мұқият қарастыруға кірісу жөнінде шешім қабылданды.  

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp