Атырау қаласында грек-рим күресінен екі халықаралық турнир аяқталды. Жерлесіміз Жанарбек Қабдолов Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде 98 кг. салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, Аманғали Бекболат грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде 50 кг. салмақта жеңіске жетіп, спорт шеберінің нормативін орындады.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.