«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАРУҒА БАСТАҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

Еліміз тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап дамудың даңғыл жолына бастайтын түрлі стратегиялық бағдарламалар, Жолдаулар жариялап келеді. Мемлекет басшысы 11 наурызда “Нұр Отан” партиясының XVI съезінде бес реформа ұсынып, оның орындау жолдарын айқындап берген болатын. Әлемде болып жатқан түрлі саяси келеңсіздіктерге қарамастан, еліміз алған бетінен қайтпай, ұлы мақсаттарға ұмтылуда. Соның бірі – Ұлт бағдарламасы. Онда айтылған тапсырмалардың, көзделген міндеттердің барлығы елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырудың жаңа белесіне шығарары анық. Бұлай деуімнің бір себебі, бүкіл әлем дағдарыстан сескеніп, тал басындағы құстай үркіп отырғанда, еліміз алға бастаудың тиімді жолдарын тапты.

Күні кеше “Астана” телеарнасынан берілген таңғы жаңалықтарды құлағым шалып қалды. Онда Ресейдің бір белгілі саясаткері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес реформасын, 100 қадамын өте жоғары бағалап және Ресейге де осындай саяси серпілісті қолға алудың әбден қажеттігін айтты. Мұны естіп, көкірегімді мақтаныш сезімі кернеп, 100 қадамды жұмылып іске асыру болашақтың тұтқасын ұстайтын жастар үшін парыз екенін түсіндім.  

Қаламқас ХЫДЫРОВА,

 Петропавл теміржол көлігі колледжі “Электрмен жабдықтау” мамандығының II курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp