«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРУЕРТТІҢ МЕРЕЙІ

“Жақсы мұғалім – мектепке жан кіргізеді, бала кемшілігі болса мұғалімнің жақсылығы жабады, біліндірмейді” – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің Бірлік негізгі мектебінде шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздар бар. Балаларды елін, жерін, туған халқының тілін, салт-дәстүрін, ән-жырларын қастерлейтін саналы да отансүйгіш, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Меруерт Каженованың еңбегі ерекше. Оның аталмыш пәннен сабақ бергеніне аз ғана уақыт өтсе де, іскерлігімен танылып жүр. Оқушылары Әли Досымбек пен Шырын Амангелді І республикалық “Киік – қазақ даласының бейнесі” атты конкурсқа қатысып, “Киік туралы өлең” аталымы бойынша марапатқа ие болды. Сонымен қатар, ұстаз жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен облыстық “Полиглот” қашықтық олимпиадасына да шәкірттерін қатыстырып, ІІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Жания ХАМИТОВА,

Бірлік негізгі мектебі директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp