Мамырдың да межесі таяп қалып,
Бір жылымыз барады аяқталып.
Биіктерге бастайтын білімменен,
Біз тұрармыз алаңсыз, аяққа нық.
Жетелеген шыңдарға, алға ғана,
Мектеп – алтын ұямыз, арман-Ана,
Сыңғырлаған қоңырау үніменен,
Бір қимастық бүр жарар бар балада.
Жайма-шуақ асығып жазға қарай,
Алып-ұшып көңілдер мәз болады-ай!
Қыркүйектің бірінде оралармыз,
Сағынышқа малынған сары даладай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp