Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірлесіп, жасырын казиноның жұмысын тоқтатты.
Заңсыз ойын мекемесі Петропавл қаласындағы “Алтын” кешенінің 3-қабатында орналасқан. Жасырын казиноны жою операциясына арнайы мақсаттағы “Арлан” жасағы қатысып, 9 ойыншы, 2 крупье, даяшы мен әкімші ұсталды. Құқық бұзушылық орнынан 1 покер үстелі, 1051 фишкалар, 5 ойын карталары діңгегі, казино шығындары туралы жазбалар тәркіленді.
Казиноға алдын ала қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ, тұрақты клиенттерді немесе олардың ұсынысы бар тұлғаларды ғана кіргізген. Бір атап өтерлігі, 2014 жылдың шілде айында аталған мекенжай бойынша жасырын казиноның жұмысы тоқтатылған болатын.
Аталған факт ҚР ҚК 307-б. 1-б. “Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру” бабында қарастыратын қылмыс құрамы белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің ортақ тізімінде тіркелген.
Сотқа дейінгі өндіріс аясында тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі.