Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауымен үндес бес институционалдық реформаның негізінде алдымыздағы Стратегиялық міндеттерді жүзеге асыратын Ұлт жоспары жасалып, оның өзекті 100 қадамы белгіленді. Оларды ел тынысының барлық саласын қамтитын өркендеу мен даму қадамдары десе болады. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын бұл қадамдар, әсіресе, облысымыздың басты өндіріс саласы – ауыл шаруашылығында айтарлықтай із қалдыруы керек. Ұлт жоспарының 60-шы қадамында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тартуды жолға қойып, үш жылдың ішінде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдеріміздің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз етуімізді міндеттейді. Бұл біздің тауарөндірушілеріміздің қолынан келетін іс.
Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша, тамақ және өңдеу өнеркәсібі аясында 154 кәсіпорын жұмыс істейді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдері өндірісі 14 пайызға артып, 7З,9 млрд. теңгені құрады.
Аудандардан түскен жедел деректерге сәйкес, 2014 жылғы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесі былайша жіктеледі:
– сүт өңдеу кәсіпорындары, жалпы жылдық шикізат өңдеу қуаттылығы 272,1 мың тонна, ал өңдегендері 209 мың тонна сүт, яғни орташа жылдық жүктемесі 77 пайызды құрайды;
– ет өңдеу кәсіпорындары, жалпы жылдық шикізат өңдеу қуаттылығы 9 мың тонна, қайта өңделгені небары 2,8 мың тонна болды, жылдық жүктемесі З1 пайыз ғана;
– диірмендер, жалпы жылдық қайта өңдеу қуаттылығы 927 мың тонна, бірақ небары З20 мың тонна ұн шығарады, орташа жылдық жүктемесінің орындалуы З4 пайыз.
Осы бағыттарда кәсіпорындардың жүктемесін арттырып, ширата түсетін жұмыстар жеткілікті. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін консалтингтік фирма облыс бойынша ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі карта жасауда. Аталмыш жоспардың аясында 700-ден астам жұмыс орнын құра отырып, сомасы 51 млрд. теңгеден асатын 19 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Белгіленген бұл жобалардың ішінде майлы дақылдарды ұқсату жөніндегі ірі жобалар жүзеге асырылады. Олар – Петропавл қаласындағы “МЭЗ-СКО” ЖШС-і зауыты, қуаттылығы 500 мың тонна, 55 жұмыс орнын құруды жоспарлауда, Тайынша ауданындағы “ЭФКО” компаниялар тобы, жылдық қуаттылығы 145 мың тонна, 400 жұмыс орнын құруды жоспарлауда.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату жөніндегі барлық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жылына сүт өнімдерін 7,7 мың тоннаға, ет өнімдерін З82 тоннаға, астық өнімдерін 148,2 мың тоннаға және майлы дақылдарды 855 мың тоннаға қайта өңдеу қуатын арттыруға мүмкіндік береді.
2014 жылдан бастап сүт өңдеу кәсіпорындарының өнімдерді тереңдете қайта өңдеу өндірісі үшін шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарын демеуқаржыландыру қарастырылды. Облыстың жеті сүт өңдеу кәсіпорнына сомасы 64З44З мың теңгенің демеуқаржысы төленді. Ал биылғы жылы өнімді тереңдете өңдеумен айналысатын осындай тоғыз кәсіпорынға шикізат сатып алуға 682127 мың теңгенің демеу-қаржысын төлеу жоспарлануда.
Мемлекет тарапынан мұндай қолдау отандық өңдеу кәсіпорындарын Кеден одағы елдері кәсіпорындарымен тең дәрежеде қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісінің көлемі артады, ішкі тұтыныстағы тереңдете өндірілген сүт өнімдерінің импорттық үлесі кемиді, осының бәрі қосыла келе кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайына оң ықпал етеді және бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің ұқсату саласын дамытуға тиімді жағдай жасайды. Ұлт жоспарының да алдымызға қойып отырған талабы осындай.
Қайрат ОМАРОВ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы.