Солтүстікқазақстандық жеңілатлетші Лада Фомина Шымкентте өткен сайыстан олжалы оралды.
Ел біріншілігінде 2000 метр қашықтыққа жүгірген жерлесіміз жеңіске жетіп, алдағы әлем біріншілігінің нормативін орындаған төрт қазақстандық спортшының қатарын толықтырды. Ал тағы бір спортшымыз Зарина Попова 60 метр сында қола медальға ие болды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.