«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУА МЕН ТЕҢІЗ ТОЛҚЫНДАРЫ

Жаз келісімен шыбын-шіркей де көбейеді. Әсіресе, қара түсті, ызыңдаған шыбыннан құтылуға барлығымыз асық боламыз. Денемізге қонған масаны лезде қағып түсіре аламыз. Ал шыбынды арнайы шыбын ұрғышпен ғана қағуға болады. Неліктен?

Қолымызбен шыбын ұстау өте қиын. Өйткені, қолымызды шыбынға созған мезетте, жәндікке қолымыздан бұрын ауа толқындары тезірек жетеді екен. Сол лепті сезген шыбын тұрған орнынан ұшып кетеді. Мәселен, балықтар судағы толқындардан теңіздегі қозғалған денелерді сезеді. Алыс жерден бір адам суға сүңгісе, балық мұны сезіп қояды. Шыбын да солай. Қозғалысты ауа толқындары арқылы біледі екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp