«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ПАНА” БОЛАМ ДЕП ПАРА АЛҒАН

29 мамырда Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы бір мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Аталмыш жайт Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы кезінде анықталған.

Департаменттің бөлім бастығы Нұрлан Жахиннің берген мәліметіне сүйенсек, басқарма бастығы студентті әскери кафедрада оқуға жарамды деп тану мәселесін оңтайлы шешу үшін делдалдар арқылы ақша талап еткен.  

31 мамырда күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бүгінде аталмыш іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыдан бір ай бұрын облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресейлік кәсіпкерден пара алды деген күдікпен Петропавл станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі бойынша әкімшілік полициясының бөлім бастығын да ұстаған болатын.

Алкогольді өнімді алып өтуде кәсіпкерге “қамқорлық” жасаған бөлім бастығы сот арқылы тиісті жазасын алды. 20 мың теңге көлемінде пара алған полицейге Петропавл қалалық соты бар мүлкін тәркілей отырып, 1 миллион теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp