Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өңірлік банк жүйесінің ұжымдары арасында шағын футболдан ұйымдастырылған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсекеге облыстағы 20 банктің 300-ден аса қызметкері қатысты.
Осымен жиырмасыншы мәрте өткізіліп отырған турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында “Ұлттық банк” құрама командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Үздік шыққан командаға Ұлттық банктің кубогы табысталды. Екінші және үшінші орындарға “Қазақстан Халық банкі” және “Цеснабанк” ұжымдары жайғасты. Ал қыздар арасында “Солтүстік” командасының айы оңынан туса, “Ұлттық банк” – екінші, “БанкЦентрКредит” құрамасы үшінші орынды еншіледі.
Барлық жеңімпаз командалар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Бір атап өтерлігі, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мерейге бөленді, бағалы сыйлықтарын қаламыздың мүмкіндігі шектеулі жандарына жолдады.
Елена ДАВЫДЕНКО,
“Қазақстан Ұлттық банкі” АҚ облыстық филиалының бас маманы.