«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысында кадрлық өзгерістер болды. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов аппарат жиынында осы өзгерістер туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен Александр Васильевич Иванищев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Александр Васильевич 1953 жылы Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіндегі Кавказская станицасында туған.

Темір жол көлігі инженерлерінің институтын вагон жасау және вагон шаруашылығы мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1975 жылы Петропавл қаласындағы вагон депосының бригадирі болып баста-ды. 1977-1981 жылдары – Киров аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, кадрларды тіркеу секторының меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖК облыстық комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1983-1984 жылдары ЛКЖК облыстық комитеті комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі болып істеді.

1984-1990 жылдары – облыстық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, қалалық партия комитеті өнеркәсіп-көлік бөлімінің инспекторы, облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік, әлеуметтік-экономикалық бөлімінің нұсқаушысы.

1990-1994 жылдары халық депутаттары облыстық кеңесінің кеңесшісі, ұйымдастыру-кеңес жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

1994-2004 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің облыстық экономикалық даму департаменті бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасары.

2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, бастығының орынбасары болып істеді.

2010-2013 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары.

2013-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары лауазымын иеленді.

2014 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

  Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp