«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА ЖАҚСЫ ҰСЫНЫС

“СевКазЭнерго” АҚ өзіне бейінді мамандықтар бойынша жоғары және кәсіби білім беретін оқу орындарының 3-4 курс студенттеріне ұтымды ұсыныс жасауда. Болашақ мамандық иесіне кәсіпорында ыңғайлы жұмыс орны болса, студенттер диплом алдындағы өндірістік тәжірибе кезінде және жазғы демалыс уақытында ақылы жұмыс істей алады. Ал үздік оқитындар және сала бойынша ғылыми сайыстардың жеңімпаздары болғандар “СевКазЭнерго” компаниясы тағайындаған арнайы шәкіртақыға қол жеткізеді.

Бүгінде аталмыш кәсіпорын еңбеккерлерінің 31,2 пайызы – жастар. Олардың басым бөлігі – жергілікті оқу орындарын бітіргендер. Кәсіпорын әкімшілігі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де, Петропавл темір жол көлігі колледжінде, сондай-ақ, кәсіби-педагогикалық колледжде білім алған студенттерді өзіне тартуда.

Әкімшілік студенттер үшін кәсіпорынның энергетикалық кешендерінде ұдайы экскурсия ұйымдастырады. Компанияның үздік еңбеккерлері жастармен кездесіп, өздерінің өмір жолдарынан қызықты деректер айтып, абыроймен атқарып келе жатқан мамандығының қыр-сырымен бөліседі. Жас кадрлардың біліктілігін арттыру компания үшін маңызды. Сондықтан оның еңбеккерлері еліміздің басқа қалаларында немесе Ресей елінде жиі өтіп тұратын шараларға жіберіледі. Ондағы шығын толықтай компанияның есебінен өтеледі.

Аталмыш акционерлік қоғамның жұмысымен танысқан жас маман бұл жерде ертеңгі күнге деген сенім мол екенін түсінеді.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp