9 шілде күні сағат 11.02-де өрт байланысының орталық қосынына Петропавл қаласының Абай, 81 мекенжайындағы тоғызқабатты тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті.
Төтенше жағдай орнына келіп жеткен кезде 9-шы қабаттың баспалдақ алаңындағы қосалқы бөлме жанып жатқандығы анықталды. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨБ-3) құтқарушы жасақтары қатерлі аумақтан 25 адамды, оның 5-еуі – бала, қауіпсіз жерге көшірді. Сол сияқты өртсөндірушілер екі пәтердің отпен жолы кесілген 5 тұрғынын құтқарды. Үш тұрғын дем алатын аппаратпен кіреберіс, ал екі адам автобаспалдақ арқылы шығарылды. “МӨБ-3”-тің кезекші қарауылдарының сауатты да шебер әрекеттері арқасында өрт ошағы жылдам жойылды және оның салдары барынша азайтылды. Оттан зардап шеккендер жоқ. От аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өртті бұғалықтауға жеке құрамның 10 жасағы мен 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Төтенше жағдайдың себебі анықталуда.
Аман ӘУЕЗХАНОВ,
төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.