Қазақ – бауырмал халық. Ұрпақтарға кімнің алыс, кімнің жақын туыс екендігін бала кезден ұғындырып отырған. Себебі, бұл адамдардың қоғамдық қарым-қатынасын кеңейтетінін білген. Қазіргі таңда бұл дәстүр ұмытыла бастағаны шындық. Әсіресе, өскелең ұрпақтың нағашы, аға, жезде, келін сынды жиі еститін туыстық атаулардың мағынасын білсе де, одан әрі туажат, жекжат, нағашы қарындас, қарын бөле деп кімдерді атайтындығынан бейхабар. Сол себепті де, балалар, туыстық атаулардың мән-мағынасына қарай жіктеп, жариялап отыруды жөн көрдік. Жарияланған туыстық атауларға қарай, балалар, өздеріңіздің туыстарыңыз туралы, мәселен, кіші шешелеріңіз не болмаса нағашы аталарыңыз жайында газетімізге хат жазып, жолдасаңыздар болады.
Әке – перзенттің атасы.
Шеше – перзенттің анасы.
Үлкен әке – әкесінің ағасы.
Кіші әке – әкесінің інісі.
Үлкен шеше – шешесінің абысыны.
Кіші шеше – шешесінің ажыны.
Нағашы ата – шешесінің әкесі.
Нағашы әже – шешесінің шешесі.
Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен әйел.
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Апа – өзінен үлкен әйел адам.
Ағайын – аталас, туыстас, ағайын адамдар.
Туыс – ағайын, жақын, туысқан адамдар.
(Жалғасы бар).