«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАНДЫҚТЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Дәстүрлі айдарымыздың кезекті кейіпкері – Арыстан Есентеміров. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылындағы “Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл арнайы (түзету) мектеп-интернатының” тәрбиеленушісі екен. Арыстан Қызылжар ауданының Толмачевка ауылында дүниеге келген.

Ол бәрінен бұрын қолөнермен айналысқанды жақсы көреді. Түрлі байқауларда бағын сынап жүрген жас өрен бұл жолы “Қазақ хандығының 550 жылдығы” мерейтойына арнап сурет салған. Онда ел басқарған ханды, туған жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырларды суреттеген.  

 Оның суретіндегі қолына қобыз ұстаған қария бірден көзге түседі. Қарияның суреттің негізгі кейіпкері екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады. Арыстан бидің артында тұрған батырларды да әдемі әспеттеп бейнелеген. Себебі, өзі де батыр болғанды армандайды екен. Ол елдің дамуы үшін талмай еңбек еткен адамды нақ батырдың өзі деп есептейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp