Бір заманда тышқандар жиналып, мысықтан қалай құтылудың амалын ойластырады. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан:
– Мен таптым! Мысықтың мойнына қоңырау тағу керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Ал біз тез тығылып үлгереміз, – деп ұсыныс жасайды.
Барлығы:
– Табылған ақыл екен! – деседі.
Сонда манадан бері үнсіз тұрған кәрі атжалман:
– Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тақсақ жөн болар делік. Ал сол қоңырауды кім тағады? – депті.