«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРАҚТЫ КЕЛЕШЕККЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Ерте ме, кеш пе, тұрғын үй жағдайын жақсарту туралы тұрғындардың бәрі де ойлайтын болады, бірақ көптеген қазақстандық отбасылар үшін олардың ипотекалық қарызға батуы оңай соқпайды, кейде, тіпті, көтере алмайтын ауыр жүк болып табылады.

Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын “Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ-мен бірге тұрғын үй мәселесіне жаңаша қарап көрелік.

Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесі Қазақстанда тұрғындардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі кредиттеу шараларының сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – бірінші кезекте орта және ортадан төмен кірісті тұрғындарға арналған аталмыш жүйенің қағидаттары мен шарттарын жүзеге асыра бастаған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесі тұрғын үй сатып алу мен айырбастауға, сол сияқты тұрғын үй құрылысына, жөндеуге және жаңғыртуға қоса тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақтарға негізделген тұрғын үйді қаржыландырудың қолжетімді тетігі болып отыр.

Қазақстан Республикасы үшін тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесін құру тұрғын үй саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ол құрылыс пен нарықта меншікке тұрғын үй сатып алу үшін және тұрғын үй жағдайын жақсартуға жағдай жасайды, тұрғындардың неғұрлым экономикалық белсенді бөлігіне бағдарланған.

“Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ Қазақстан азаматтарына мақсатты түрде өз тұрғын үйлеріне жинақ жасауға мүмкіндік беру үшін құрылған.

“Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ қарыздарының негізгі тартымдылығы – қарыз берілетін барлық мерзім ішіндегі төменгі сыйақы ставкаларына кепілдікте.

Бүгінде банктің кредиттік түзілімі негізгі екі өніммен көрініс тауып отыр, олар – негізгі тұрғын үй қарызы және аралық тұрғын үй қарызы. Енді олардың әрқайсысын қысқаша қарастырайық.

Негізгі тұрғын үй қарызы – қарыздың ең арзан және қолайлы түрі. Банкте тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қажетті соманың 50 пайызын жинақтаған салымшыларға беріледі. Кредиттеу мерзімі 25 жылға дейін (жинақтау мерзіміне байланысты). Жинақтарды жинақтаудың ең қысқа мерзімі 3 жылды құрайды. Сыйақы ставкасы белгіленген және барлық кредиттеу мерзіміне жылдық 3,5-тен 5 пайызға дейін құрайды.

Аралық тұрғын үй қарызы – күткісі келмейтіндерге қолайлы нұсқа, бірақ оларда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қажетті соманың 50 пайызын өздерінің жинақ шоттарына мерзімінен бұрын енгізу мүмкіндіктері болуы керек. Бұл ретте салымшы барлық келісім сомасындағы қарызды ала алады. 3 жылдың ішінде енгізілген сома (50 пайыз) жинақ шотында болады, оған банк сыйақысы, сол сияқты мемлекет сыйлығы (жылына 200 АЕК аспайтын жинақ сомасының 20 пайызы) есептелінеді. Үшжылдық мерзім өткен соң қарыз алушыға негізгі тұрғын үй қарызын алуға құқық беріледі, ол аралық тұрғын үй қарызын жабуға бағытталады, яғни аралық тұрғын үй қарызы негізгі тұрғын үй қарызымен қайта қаржыландырылады деген сөз.

Негізгі тұрғын үй қарызымен қайта қаржыландыруды есепке алғанда, аралық тұрғын үй қарызының жалпы мерзімі 13 жылға дейін (3 жыл – аралық және 10 жыл – негізгі).

Қарыздардың барлық түрлері бойынша сатып алынған жылжымайтын мүлік сияқты қарыз алушының немесе кез келген үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкі кепілдік қамтамасыз ету болып табылуы мүмкін.

Әрбір қазақстандық ең болашағы зор тұрғын үй жағдайын жақсарту жүйесінің – тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушысы бола алады және өзіне барынша қолайлы кредиттеу түрін таңдайды.

Райхан ӘБДІРАХМАНОВА,

“Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі” АҚ

  облыстық филиалының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp