Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға жылу құнын қайта есептеу жүргізеді. Өйткені, жылуға арналған тариф “көшедегі” температура болжамын ескере отырып, қалыптастырылады.
Өткен жылыту маусымы сияқты жылы қыс жағдайында тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі жылу шығыны болжамды шығыннан едәуір кеміп, үнемдеу мүмкіндігі болды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыртқы ауаның іс жүзіндегі температурасы минус 5,12 градус, ал болжам бойынша есептелгені минус 8,6 градус болған. Соған орай тұрғын үй алаңының әрбір шаршы метріне артық төленген 11,2 теңге қайтарылуға тиіс. Оның жалпы сомасы біздің облыс бойынша 31 миллион 246 мың 999 теңгені құрайды. Тұтастай еліміз бойынша алғанда бұл сома 963,5 миллион теңгені құрап отыр.
Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының басында жүзеге асырылады. Әрбір тұтынушы өзінің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы көретін болады, деп мәлімденген Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ресми сайтында.
(Өз тілшіміз).