«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

19 АДАМ СУҒА КЕТТІ, олардың 3-еуі – балалар

Биылғы жаз солтүстікқазақстандықтардың үйлеріне бірнеше қайғылы хабар жеткізді. Суға түсу маусымы басталғаннан бері облыстың су қоймаларында 12 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 1-еуі – бала. Олардың дені белгіленбеген жерде суға шомыламыз деп жүріп опат болды.

– Облыстың су қоймаларында орын алған қайғылы жағдайлар туралы жедел мәліметтер күн сайын төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дағдарыс орталығына келіп түседі. Жүргізілген сараптама жыл сайын өңіріміздің су айдындарында ондаған жерлестеріміз бен қонақтарымыз мерт болатындығын байқатады. Олардың тізімі жаз айларында толыға түсетінін атап айту керек. Жыл басына бері 19 адам суға батып кетті, оның 3-еуі – бала. Суда зардап шеккендер негізінен 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтар, – дейді жедел-құтқару отряды басшысының орынбасары Виктор Держанский.

Құтқарушылар ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен бірге Есіл өзенінің, Пестрое және Үлкен Тораңғыл көлдерінің жаға-жайларында күн сайын сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін кезекшілік атқарады. Олар кезекшілік кезінде суға батып бара жатқан 59 адамды құтқарып қалды, олардың 11-і – бала.

Құтқарушылар қызметінің 112 нөмірлі телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін тағы да еске саламыз.

Сергей ЧЕРКАСОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құтқару бөлімшесінің бастығы, жедел-құтқару отрядының құтқарушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp